Ауыл жастары үшін жабық футбол манежі пайдалануға берілді
Бүгін Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Шапырашты елді мекенінде жабық футбол манежі пайдалануға берілді. Манежді жастардың спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдайлар жасалған, жаңадан берілген спорт нысанына келіп, спортпен шұғылдануға қызықшылық танытып отырған жастар мен жасөспірімдердің белсенділігі жоғары.
Қазіргі таңда ауылдың 70 ге жуық жастары мен жасөспірімдері санитарлық талаптарды сақтап, дене шынықтыру мен спортқа тартылуда. Сондай-ақ ауданымызда осындай жабық футбол манеждерінің саны 20 жетіп отыр. Атап айтқанда барлық ауыл округтерінің орталық елді мекендерінде жастар дене шынықтыру мен спортқа тартылған.
Спорт нысанының ашылуында Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібеков жас спортшыларға салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты одан әрі жақсарту, алдағы жарыстарда ауылдан чемпиондардың шығуын тілеп, жылы лебізін білдірді.