Елбасы жастарға ақылын айтты

Oinet.kz 11-12-2020 1553

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жастарға ақылын айтты, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Назарбаев.png

Ол тәуелсіздік жылдары қол жеткізген негізгі жетістіктерге тоқталып, биыл да ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті.

- Қазіргі таңда мен барлық қазақстандық мақтан тұтатын табыстарымызға жету қаншалықты қиын болғанын жақсы білемін. Өскелең ұрпақ қолда барды қадірлеуге, Отанымыздың әрі қарай өркендеуін ойластыруға, өз елін мақтаныш етуі тиіс. Жастар мүддесі әрдайым менің басты назарымда, - деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті егемендік жылдары елімізде нақты әрі тиімді әлеуметтік лифттер құрылғанын айтты.

- Менің бастамаммен ел үшін ең күрделі кезеңде іске қосылған "Болашақ" бағдарламасымен 15 мыңға жуық жас қазақстандық білім алды. 5 жыл бұрын Назарбаев университеті студенттерінің алғашқы легі түлеп ұшты. Осы жылдардың аралығында оқу орнында 5 мыңға жуық маман даярланды. Мемлекет іске қосқан әлеуметтік лифттердің арқасында мыңдаған жас қазақстандық табысқа жетті, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Nur Otan партиясының төрағасы жастар қанатының мүшелеріне пандемия кезіндегі қайырымдылық шараларына және волонтерлік қызметке белсене атсалысқаны үшін зор ризашылығын білдірді.

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады
Бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Руслан Әзімов қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу