Құмар ойынға қызығушы көп

Oinet.kz 10-12-2020 872

Биылғы жылы бәс тігу мен құмар ойындар саласында көрсетілген қызметтер көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе артқан. Осылайша 2020 жылдың үш тоқсанында қызметтер сомасы 19,2 млрд теңгеге жетті. Бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары нәтиже.

Құмар ойын.jpg

Алайда аталған салада жұмыс істейтін компаниялар саны қысқарған. Жыл басында елімізде бәс тігу мен құмар ойындар саласында жұмыс істейтін 94 кәсіпкерлік нысан тіркелді. Бұл өткен жылдан 10 компанияға аз. Мұндай үрдіс үш жылдан бері жалғасып келеді.  Өңірлер бойынша сектордағы қызметтердің тең жартысы – 9,6 млрд теңге Алматы облысына тиесілі. Бір жылда көрсеткіш 33,9%-ға жоғарылаған. Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан (4,5 млрд теңге), Ақмола облысы (2,1 млрд теңге), Алматы (1,9 млрд теңге) және Жамбыл облысы (1 млрд теңге). Ал өзге өңірлерде компаниялардың 0,2%-ы шоғырланған.  Жеке компаниялар биыл 11 млрд теңгеге қызмет көрсетсе, шетелдік компаниялардың нәтижесі 8,2 млрд теңге. Биыл сырттан келген кәсіпкерлік субъектілері көрсеткен қызметтер көлемі 3,5 есе өскен.

Өз-өзімді өлтірмек болғанда Қайрат Нұртас құтқарып қалды
Қала бюджеті 455,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу