Танымал альфонс жігіт айына 30 млн теңгені қалай табатынын айтты

Oinet.kz 01-05-2021 3636

Кезінде "Астарлы ақиқат" бағдарламасында өзін "альфонс" деп таныстырған Бекзат Жанзақ есімді жігіт айына қанша табыс табатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол "Бөкей" арнасына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Бекзат Жанзаков.jpg

 - Негізгі табыс көзім - құрылыс саласы. Сосын акцияларға жаймен кіріп жатырмын. Және - бәс тігу (ставка). Біздің бәс сататын командамыз бар. Біздің команда Қазақстандағы нөмірі бірінші командалардың бірі. Екі команданың қайсысы ұтатынын жөнінде сараптама жасап сатамыз. Біздің сараптаманы сатып алған адамның ұтуға мүмкіндігі мол. Бірақ, 100 пайыз ұтады деген сөз емес. Құмар ойынды пайда табу үшін емес, эмоция шығару үшін, ләззат алу үшін ойнау керек. Біз бәс сатудан айына 20-30 млн теңге арасында табамыз, - деді Бекзат Жанзақ. 

Бекзат ақшаны жинамау керектігін, оны өз рахаты үшін құрту керектігін айтты. Бекзат ақшаны өзінен аямай, қымбат киімдер алатынын, гардеробында 50 млн теңгенің киімі бар екенін жасырмады.

Қайрат Түнтеков: Басыма пистолет тақап қол қойдырды
Ахмет Ясауидің ағасы Садыр шайық Сыр бойына неге қоныс аударды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу