Көктал - үздік шаруа қожалығы

Oinet.kz 02-12-2020 893

Еліміздің оңтүстігі шаруалар үшін қолайлы мекен. Ылғалды ауа-райы мен құнарлы топырағының арқасында ауыл шаруашылығы Түлкібаста жақсы дамыған. Егін ексе де, мал баптаса да жемісін беретін аймақтың әлеуметтік – экономикалық  дамуы да қарқынды. Аудан аумағына қарсты «Көктал» шаруа қожалығы биыл 2200 тонна алма өнімін жинап отыр. Әрине, иісі жер жаратын, Алматының апортынан кем түспейтін түлкібастық алмалар қашан да өтімді.

Қожалық төрағасы Бейбіт Төлешов бірнеше жылдан бері алма ағашын өсіріп, баптаумен айналысады. Айтуынша, нәтижелі еңбектің арқасында салыстырмады түрде бұл жылы мол өнімге қол жеткізген. Сондықтан, кәсіпкер аудандағы «Жылдың үздік шаруа қожалығы» номинациясына лайықты деп танылған.

Кәсібі өркендеген шаруашылық қарамағында 260 гектар алма, 15 гектар қара өрік бауы және 2000 тонна қыс мезгілінде жеміс-жидек сақтауға арналған қойма бар. Қазіргі таңда бау-бақшадан 2200 тонна алма және 300 тонна қара өрік жиналған. Әр гектарынан өнімділік көрсеткіші - алма 146, ал қара өрік 200 центнер.

Қожалықта алма бау көлемін ұлғайту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, биылғы жылы 15 гектарға қарқынды бау отырғызылған. Кәсіпкер бүгінде 35 адамды тұрақты жұмыспен қамтыса, маусым кезінде еңбекке 150 адамға дейін жұмылдырылады.

Кәсіпкер қайырымдылық шараларға да белсенді атсалысады. Атап айтсақ, жомарт жан пандемияның екінші толқынына дайындық кезінде орталық ауруханаға екі дана жасанды тыныс алу апараты мен бау-бақшасының бір күндік терілген 300 келі алмасын дәрігерлер мен медбикелерге таратқан.

Hazret Sultan Airport іске қосылды
590 қоғамдық көлік қолданысқа берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу