Баспаналы болатын күн жақын

Oinet.kz 02-12-2020 647

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының барша азаматы үшін ерекше дата болып саналады. Осынау мереке қарсаңында Сайрам ауданының 5 азаматы «Тұрғын үй сертификатын» алды.

image.png

Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында «Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» арқылы Сайрам Ауданының 1339 азаматы тұрғын үй алуға ниетті.

Сол тізімдегі бастапқы жарнаның 10 пайызын төлеуге мүмкіндігі жоқ 5 отбасыға жергілікті бюджет есебінен «Тұрғын үй сертификаты» ретінде 4,9 млн теңге қаражат төленді.

Қазіргі таңда ауданның 100-ден астам тұрғыны аталған мемлекеттік бағдарлама бойынша төлем қабілетін анықтауда.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

«Әблязов халықтың ақшасын тонап, шетелде тұрып жатыр» - Назарбаев
Мереке қарсаңындағы игілік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу