Назарбаевтың немере інісі жаңа қызметке тағайындалды
Ербол Болатұлы Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаметі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл ақпаратты Yyedilov Telegram каналы таратты.
Ашық дереккөздеріндегі мәліметтерге сүйенсек, Ербол Назарбаев — Елбасының туған інісі Болат Назарбаевтың баласы. Оның осы күнге дейін қандай қызметтерде болғаны туралы ақпарат жоқ.
Қазақстан қаржы министрлігіне қарасты қаржылық есептілік депозитарийі сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Ербол Назарбаев — «Алматы ауыр машина жасау зауыты» акционерлік қоғамы үлескерлернің бірі. 1983 жылы дүниеге келген. Сондай-ақ, аталған сайтта Жанат Қанағатқызы Назарбаева туралы да мәлімет келтірілген. Алайда оның Елбасы әулетіне қатысы бар-жоғы белгісіз.