Жылқы иісі...
04-11-2023
• Майлы бояумен сырланған есіктер мен терезе жақтаулары 1 л суға 1 шай қасық мүсәтір спирті қосылған жылы сумен сабындамай жуылады.
• Терезе жақтауларын қысқа жылылау үшін саңылауларға шприцпен сұйық парафин құйыңыз. Парафин мен шприц ыстық суда қыздырылады.
• Терезедегі қырауды кетіру үшін 1 стакан суға 2 ас қасық ас тұзы салынған ерітіндімен жуыңыз.
• Терезеге қырау тұрмас үшін шынысын глицерин мен спирт ерітіндісімен (1:10) сүртіп қойыңыз.
• Қатты кірлеген терезе шынысын жууға арналған ерітінділер: 1 л суға 1 ас қасық крахмал; 1 л жылы суға 2 ас қасық сіркесу; 1:10 мүсәтір спирті мен бор қосылған су. Жуғаннан кейін жұмсақ шүберекпен құрғатылып, қағазбен сүртіледі.
• Шыны сүртілгеннен кейін 30 г су, 70 г глицерин және бірнеше тамшы мүсәтір спирті ерітіндісімен сүртіліп алынса, ұзақ уақыт кірлемейді.
• Терезені ыстық немесе жел күндері жумаңыз, шынысы тез кеуіп, айғыз болып қалады.
• Ағаш еденді жуғанда суға сіркесу қосып жіберсеңіз, жылтырап тұрады.
• Сырланбаған ағаш еденді 3 бөлік құм мен 1 бөлік ізбес қоспасымен ағартуға болады.
• Линолеум еденді кір жуатын ұнтақпенн, ыстық сумен жумаңыз.
• Сабынды су ерітіндісімен жуу керек.
• Үш айда бір рет линолеумге олифа жағып, жұмсақ шүберекпен сүртіп алып отырыңыз.
• Линолеумдегі майлы дақтарды бензинмен немесе скипидармен кетіреді.
• Паркет едендегі май дағына кір жуатын ұнтақты ылғалдап жағып қояды да, жарты күннен кейін ысқылап тазалап тастайды.
• Битум негізіне салынған паркетті скипидар мастикасымен сүртпеңіз, қарайып кетеді. Ол үшін су мастикалырын қолданыңыз.
• Майлы бояумен салынған картиналарды сүтпен немесе жарты пияз бөлігімен сүртіп алып, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
• Картиналардың алтындалған рамасын пиязбен сүртіп, жұмсақ шүберекпен ысқылап жылтыратуға болады.
• Жиһазды кір жуатын ұнтақ ерітіндісімен жумаңыз. Сабын ерітіндісі қолданылады.
• Жұмсақ жиһаздың шаңын ылғал жайма арқылы қағып алыңыз.
• Жиһаздың металл фурнитуасын түссіз лакпен лактап қойыңыз.
• Былғарымен тысталған жиһазды бензинмен тазалап, жұмыртқаның сары уызымен сүртіп қояды. Немесе бірнеше тамшы сікесу қосылған сумен сүртеді.
• Үстел татпалары ауыр қозғалса, жылжытқыш бөлігіне парафин немесе сабын жағып қойыңыз.
• Ауыр жихазды жылжытарда астына жүн мата салып жіберсеңіз, еденді сызбайды.
• Ас үй табуреткаларының аяқтарының астына резеңке таған қағып қойыңыз.
• Сервант қақпақтарының шынылары ауыр қозғалса, жылжыту ойығын вазелинмен майлап жіберіңіз. • Ағаш керует сықырламас үшін, жалғастыру жіктерін матамен қаптаңыз.
• Лакталған жиһаздағы майлы дақты өсімдік майымен сүртіп, 2-3 сағаттан кейін ысқылап тазартуға болады.
• Жиһаздағы көгерген дақтарды бензинмен кетіреді.
• Лакталған жиһаз бетіндегі сулы стакандардан қалған ізді грек жаңғағы оңай кетіреді.
• Лакталған жиһаздағы су іздерін ұнмен сүртіп, жұмсақ шүберекті өсімдік майына батырып алып, жылтыратуға болады.
• Жиһаз ылғалдан ісініп кетсе, бізбен тесіп, шприц көмегімен желім құйыңыз да, қалың қағаз арқылы үтіктеп жіберіңіз.
• Қоңырқай жиһаздардағы сызылған іздерді аяқ киім кремімен кетіруге болады.
• Жиһаздағы жарылған сызаттарды балауыздың көмегімен білдірмей жасырып қоюға болады.
• Емен, жаңғақ, қызыл ағаш жиһаздарындағы сызаттарды йод жағу арқылы жасырып қояды.
• Металл бетті сырлар алдында, сіркесумен сүртіп алсаңыз, бояу жақсы қонады.
• Керует торы созылып кетсе, серіппелерін әр жерінен сым сақиналармен тартып қойыңыз.
• Пүлішпен қапталған жиһазды шаңсорғышпен тазаламайды, түгінің бағытымен ылғал шүберекпен сүртіп алады.
• Жаңа сыпырғышты екі сағаттай тұзды ыстық суға салып қойса, ұзақ уақыт қызмет етеді. Оның сабына элластикалық бинт кигізіп қойыңыз.
• Шөткенің қылдары түсе бастаса, түбіне "Момент" желімін тамызып жіберіңіз. • Жуылатын тұсқағаздарды ылғал губкамен сүртіп алады.
• Ваннадағы айна терлемес үшін 50 мг суға 1 ас қасық желатин қосылған ерітіндімен сүртіп алыңыз.
• Сабын қалдықтарын 1 л банкаға жинап, 1 ас қасық ас содасын салып, ыстық суға езіп қойсаңыз, ванна тазалайтын паста аласыз.
• Жылу батареяларының арасын тазалау үшін шаңсорғышқа ыдыс жуатын ершикті жалғап алыңыз.
• Шаңсорғыш сүзгіші таза болуы үшін, қағаз майлық салып жіберіңіз.
• Люстраны жуарда астына су құйылған леген қойып қойыңыз. Егер шамдалдың бір бөлігі байқамай құлап кетсе, суға түсіп, сынбайды.
• Кілем үстіне кешкілікте ұсақ тұз сеуіп тастап, ертеңіне ылғал шүберекпен сүртіп алсаңыз, түсі ашыла түседі.
• Сіркесу қосылған сумға батырылған шүберекпен кілемді тазаласаңыз, түсі ашыла түседі.
• Кілем түгі майысып, із қалып ойса, сол жерді қатты булап, сыртынан үтікпен кептіріңіз.
• Перделерде әдемі ірі бүктемелер болу үшін ені терезе енінен бір жарым есе үлкен болуы керек.
• Карниз бөлмен енімен бірдей болса, терезе кеңірек көрінеді.
• Айнаны адам біркелкі жарықтанатын жерге ілу керек. Айнаға үнемі тікелей күн көзі түсетін болса, күңгірттеніп кетеді.
• Айнаны терезе шынысын тазалайтын әдіспен тазалайды. Айнаны ылғал жерден аулақ ұстаңыз.
• Кілем шеттеріне астынан БФ-6 желімімен ені 20 мм таспа жапсырып қойсаңыз, шеттері түтілмейді және қайырылып кетпейді.