Түркістан: Тұрғындардың игілігі жолында кезекті «сервистік әкімдік» Қазығұрт ауданында ашылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен халыққа барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында ел аумағында мемлекеттік органдардың жұмысы «Open space» форматына көшіріліп, бүгінгі күні тұрғындардың кедергісіз қызмет алуы жүйелі жүзеге асырылып келеді.
Осы ретте, бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Қарғабай Мирас Асқарбайұлы мен Қазығұрт ауданы әкімі Телғараев Төлеген Тұртайұлының және аудан тұрғындарының қатысуымен Қазығұрт ауданында «Сервистік әкімдік» ашылып, киелі өңір кезекті халықтық кеңсемен толықты.
Аудан тұрғындарына қолжетімді, ашық және жедел қызмет көрсететін ашық кеңсітіктегі жаңа нысанда 7 дербес бөлімдер, атап айтсақ жер қатынастары, ауылшараушылық, тұрғын-үй шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен білім бөлімдері бойынша 36 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіліп, азаматтардың кедергісіз қызмет алуларына мүмкіндік беріліп отыр.
Сондай-ақ, мұнда электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуға және халыққа қызмет көрсету орталығына брон жасауға жәрдем беретін барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған.
Айта кетсек, бүгін ел игілігіне берілген сервистік әкімдік алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландырып қана қоймай, азаматтарға қолайлы жағдай жасауға және атқарушы билік өкілдерінің жергілікті тұрғындармен бетпе-бет отырып жұмыс жасауына ықпал етпек.