Геннадий Головкиннің жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
IBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 18 желтоқсанда өтеді. Бұл туралы DAZN стриминг сервисі Instagram желісіндегі парақшасында ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы IBF титулын қорғау үшін польшалық боксшы Камила Шереметаға қарсы шығады.
- Үлкен драма шоу 18 желтоқсанда оралады, - деп жазылған жекпе-жектің анонсында.
Головкин де Instagram желісіндегі парақшасында жекпе-жектің анонсын салып, рекордтық 21-ші титулын қорғайтынын атап өтті.
GGG мен Шеремета Холливуд қаласындағы (АҚШ, Флорида штаты) Hard Rock Holly казино-қонақүйінде кездеседі. Шоуды DAZN стриминг сервисі трансляциялайды.
Головкин бұған дейінгі кездесуін Нью-Йоркте өткен жылдың қазанында өткізген. Ол кезде украиналық Сергей Деревянченконы жеңген.