IX Азаматтық форум өтті

Oinet.kz 24-11-2020 1231

Берік Бекжанов.jpg

«Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы» атты Қазақстанның IX Азаматтық форумы өтті. Онлайн форматта өткен форумға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнар Амангелдіқызы Жұмағалиева, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжанов, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов, «YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласының жұмыскерлерінің Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Бауыржан Әлтеев, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Шымкент қалалық ұйымының төрайымы Лариса Тургинбаева, Әлеуметтік-еңбек саласы қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғам және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Screenshot_3.jpg

Форум барысында Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнама қабылдауды оңайлату және сапаны жақсарту мақсатында бірыңғай Әлеуметтік Кодекстің қабылдау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны, сондай-ақ, Кодексті әзірлеу аясында әлеуметтік қызметкердің мәртебесін арттыру жоспарланып жатқаны айтылды. 

Осыған байланысты:

- әлеуметтік қызметтер жүйесіне қатысушылар желісін кеңейту және әлеуметтік қызметтер субъектілеріндегі қажеттіліктерді есептеу тетігін қабылдау;

- көрсетілетін қызметтер нарығында үкіметтік емес сектордың дамуы үшін жағдайларды кеңейту;

- баламалы қызметтерді дамыту;

- «аз» жиынтықты үйлерді (орталықтарды) дамыту;

- отбасылық қолайсыздық профилактикасын және арнайы және кешенді қызметтерді, жалпы бейіндегі қызметтерді таңдауға сараланған тәсілді енгізу;

- халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығын құра отырып, кадрлар даярлаудың көпдеңгейлі жүйесін енгізу;

- әлеуметтік қызметтер орталықтарының қызметін автоматтандыру бөлігінде «Әлеуметтік қызметтер порталы» ақпараттық жүйесін жаңғырту.

Сонымен қатар, форумда Әлеуметтік кәсіпкерліктің бабтары, «Еңбекке жарамсыздық парағы» бойынша төлемді көбейту, мүгедектердің арбасын құқықтық статусын бекіту мәселесі және де қоғамдағы қордаланып қалған бірқатар мәселелер талқыға түсті.

Тоқаев Дюшен ауруына шалдыққан балаға көмектесуді тапсырды
Соңғы тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу