Міндетті аттестаттау өтті

Oinet.kz 06-04-2021 1021

Screenshot_2.jpg

Шымкент қаласындағы "Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы" қызметкерлерінің атқаратын қызметіне сәйкес келетін деңгейін бақылау мақсатында міндетті аттестаттау өтті. Комиссия құрамында "Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының" директоры Сұлтан Сраилов (комиссия төрағасы), кадр ісі жөніндегі маман м.а. Дана Мамекова (комиссия хатшысы), Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Руслан Шеримов, қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Эльдар Темірханұлы, облыстық "Бейнелеу өнері" музейінің бөлім меңгерушісі Рыскүл Бекталиева, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің "Театр және эстрадалық шығармашылық" кафедрасының аға оқытушысы Ләйлә Жұмабай, "Әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығы" директорының орынбасары Гүлшат Жақанқызы, орталықтың Ғылыми-ағартушылық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Ақмарал Леубаева болды.

Аттестация тестілеу бойынша өтті. Əрбір əлеуметтік қызметкер портфолио дайындап, онда барлық сертификаттар мен олардың практикалық қызметі бейнеленген фотосуреттері салынды. Міндетті аттестациядан өткен барлығы 12 қызметкер аттестацияны қорғап, білімдерін  жақсы деңгейде  көрсетті.

Қалың қалай, бастауыш ұйым?
Түркістан: Азық-түлік бағасын негізсіз көтергендер жазаланады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу