Қалың қалай, бастауыш ұйым?

Oinet.kz 14-05-2021 1023

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы деп жариялаған 2021 жыл шеңберінде «Қалың қалай, бастауыш ұйым» шаралары тұрақты түрде өткізілуде. Осыған орай, Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылқ саласы қызметкерлерінің Шымкент қалалық кәсіподағының қызметкерлері "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-інде кездесу өткізді.  

Screenshot_5.jpg

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-і мемлекеттік жеке серіктестік жағдайындағы қызмет көрсету нарығында 23 жыл табысты жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын болып табылады.

Компания 1 миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент қаласы мен Сайрам ауданының бірнеше елді-мекендерін шаруашылық ауыз-сумен қамтамасыз етеді және шайынды суларды толық тазалаумен су бұру қызметтерін көрсетеді.

Кездесу барысында мекемеде көптеген жылдар бойы қажырлы еңбек атқарып, қоғамдық жұмысқа белсенді араласып жүрген кәсіподақ комитетінің мүшелері Әбдібек Тәңірбергенов пен Мұхтар Сыдықов 63 жас – зейнеткерлік жасына жетуіне байланысты "Кәсіподақтар Федерациясының" төсбелгісімен марапатталды.

Айта кетейік, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-інде 1056 қызметкер жұмыс істейді. Барлығы да кәсіподақ мүшелері. Кәсіподақ төрағасы – А.Сәкенов.

#kasipodaqkz 

#kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚРКФ #Шымкент #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы

Түлкібас ауданында биылғы жылы бір алқаптан 2-3 өнім алуды көздеп отыр
Түркістан: Сайрам ауданында тойхана ғимараты гемодиализ орталығына айналды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу