Маңғыстаудағы қорықта камераға сирек кездесетін леопард түсіп қалды
Үстірт қорығындағы қақпан-камераларға сирек кездесетін барыс түсіп қалды, деп хабарлайды Oinet.kz.
Ғалымдардың пайымдауынша, жануар Маңғыстау облысына Түрікменстаннан келген.
Кадрларда жыртқыш жеңіл жүріспен алға жылжиды және өзін бақылап отыр деп күдіктенгендей, ақырын артқа бұрылады, кейін қайта жүріп кетеді.
Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында біздің елде мұндай қонақ ерекше құбылыс екенін жазды.
Әлемде бұл леопардтың мыңнан сәл астам түрі бар. Қазір мамандар Қазақстанның Қызыл кітабына леопардты енгізу бойынша биологиялық негіздеме дайындап жатыр.