Маңғыстауда қаза болған сарбаздың анасы Тоқаевқа үндеу жолдады

Oinet.kz 06-06-2022 1055

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы шекара қызметінде әскери борышын өтемек болған Түркістандық сарбаздың өліміне байланысты анасы үндеу жолдап, шындықтың ашылуын талап етті және президенттің қабылдауын сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Screenshot_9.jpg

Марқұмның анасы бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған. Ол ұлының өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Оның осындай әрекетке баруына біреулердің итермелегенін айтады. Қазір ана бұл істің жан-жақты тексерілуін талап етіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауына баруды сұрап отыр.

“Әскерге сау кеткен балаларымыз неге өлі қайтып жатыр? Қазақстандық жас балаларды қырып бітетін болды ғой! Балаларыңды әскерге жібермеңдер! Керек болса, бұлай бола беретін болса әскерге сарбазды өзге елден шақырсын. 2 күн күттірмей, денесін кеспей әкеліп берсін! Балам хатта ақшадан қиналдым, сол үшін қол жұмсадым деп жазған. Әскерде жетпей жатқан қандай ақша? Егер қамтамасыз ете алмасаңдар неге әкетесіңдер? Енді соңында өзінің ауруы бар екен деп жатыр. Ауруы бар болса басында әскерге неге алды? Бұл істі жауапсыз қалдырмаймыз! Президент мырза, балам өлді деген хабар алдық. Ақшадан қиналдым деген хатын да алдық. Қабылдауыңызды сұраймын”,- деді марқұмның анасы үндеуінде. 

Еске салсақ Маңғыстау облысындағы Бейнеу шекара бекетінде 19 жастағы әскери қызметшінің мәйіті табылғаны туралы ақпарат жарияланған болатын.

50-ден астам бейбіт тұрғын қайтыс болды
Бердібек Сапарбаев мемлекеттік қызметке оралуы туралы қауесеттерге жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу