Мұнайшы миллион теңге жалақы сұрап жатыр

Oinet.kz 17-02-2022 1160

Screenshot_11.jpg

Еңбек лайықты бағалануы керек. Мұнайшы миллион сұраса соған лайық еңбек етіп жүрген шығар. Әлде, Маңғыстаудың осылай дүрбелеңге толып тұрғаны басқа біреулерге де керек пе? Айдап салып, халықты аранға итермелеп отырған, көрінбейтін біреу бар ма? 

"ҚазМұнайГаздың" бастығы отыр басы салбырап. "Жаңаөзендегі жұмыссыздықты жалғыз "ҚазМұнайГаз" шеше алмайды" дейді Әлекең. 

Қазір көшеде тұрған мұнайшының айлығын миллионға көтеріп берсе Маңғыстауда онсыз да ұшынып тұрған азық-түлік пен киім-кешектің бағасы аспандап кетпей ме?

Аспандаған бағаны мұғалім мен дәрігердің, тас қалаушы мен таксистің, болмаса мемлекеттік қызмет пен бюджеттік мекемедегі қазақтың қалтасы көтере ме?

Көтермейді. Қалта көтермегенді жүйке де көтермейді. Осылайша әлеуметтік жағдай шиеленіскен үстіне шиеленісіп, алаң халықтан босамайды ғой. Бүгін мұнайшы, ертең дәрігер, арғы күні құрылысшы...

Үкімет Батыс облыстардағы, Маңғыстаудығы жағдайды реттеуге бөлінген млрдтаған қаражатты бауырына басып отыра бермей ЕЛДІҢ ҚАЖЕТІНЕ ЖҰМСАУ КЕРЕК!!!

Бүгін Президент Тоқаев Маңғыстаудың әкімі Ноғаевпен телефон арқылы сөйлесіпті. 

"Ноғаевтың өз кәшісін өзіне жегізіп кеткен екен" деп бір күліп алдым. Іргедегі МАЭКке, тиіп тұрған - күйіп тұрған Жаңаөзенге бармай, видеоүндеу жолдай салушы еді облыс әкімі. Президент те звондай салыпты. 

"Нұрлан, не шулатып жатсыңдар? Шешсеңдерш, халықты тыңдасаңдарш" деген болар. Расында, мәселе неге шешілмей тұр? Әкім шеше алмай отыр ма? Ешкім шеше алмай ма сонда бұ мәселені? Мына әкім шешпесе, шешетін әкім неге жібермейді Ақорда?

Алмас Алтайдың Facebook парақшасынан

Төреғали Төреәлі қажы атанады
Қайрат Балабиев: Президенттің нақты әрі тұшымды жауаптары көпшіліктің көңіліне сенім ұялатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу