«Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет» - Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында бүгін бүкіл әлемде балалар күні атап өтілетінін жазды. Ол Қазақстанның басты мақсаты қандай екенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Бүгін бүкіл әлем балалар күнін атап өтеді. Балалардың құқығын, денсаулығын сақтау, жас ұрпаққа білім беріп, дамыту – біздің басты мақсатымыз. Біз Қазақстандағы барлық балалардың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек. Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет, - деп жазған Мемлекет басшысы Twitter-де.