Ұжымдық шарт – еңбек қатынастарының маңызды құралы
«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мәжіліс залында үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.
Кеңес отырысына «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжанов, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Бердіғали Жамшидұлы Өмірәлі, салалық кәсіподақтардың қалалық және Түркістан облыстық филиалдарының төрағалары қатысты.
Жиын барысында ағымдағы жылдың 10 айында салалық кәсіподақтар тарапынан атқарылған жұмыстар бойынша есептері тыңдалды. Сондай-ақ, кеңесте Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының жолдаған ұжымдық шарт түзбеген ірі және орта кәсіпорындар тізбесін сараптаудан өткізілді.
Үйлестіру кеңесінің соңында салалық кәсіподақ төрағалары алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша ұсыныстарымен бөлісіп, жұмыс жоспарының кестесін бекітілді.