«Беларусьтегі оқиғалар Қазақстанға үлкен сабақ болуы керек» - Лукашенко

Oinet.kz 16-11-2020 1552

Александр Лукашенко Беларусьтегі оқиғалар посткеңестік елдер үшін маңызды сабақ болуы керегін және Қазақстан еш жағдайда "босаңсымауы" керегін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Лукашенко 13 қарашада Беларусь пен шетелдің саяси шолушыларына сұхбат берді. Сұхбат барысында ол әлемнің түрлі аймағындағы оқиғаларға тоқталған болатын.

Оның айтуынша, мысалы, АҚШ-тағы сайлауда бәрі үнемі президенттік сайлауға араласады.

- Қазақстанда да мұндай жағдайлар бірнеше рет болды, бірақ оның бәрі БАҚ-тарда жарияланбады. Онда әртүрлі банда оңтүстікте де, шығыста да төбелес шығарған. Мұндай алдағы уақытта да болады. Сондықтан еш жағдайда босаңсуға болмайды. Беларусь - сіздерге маңызды сабақ. Себебі Қазақстан мен Ресей Беларусь емес. Бұл үлкен елдер, - деді Лукашенко.

Лукашенконың айтуынша, Беларусьте наразылық шарасын ұйымдастыруға еш себеп болмаған.

Назарбаев Армен Джигарханянның отбасына көңіл айтты
Агроөнеркәсіп саласындағы еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру қарқынды жүріп жатыр – Шөкеев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу