Сабина Алтынбекова Қуат Хамитовке өз жауабын берді
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Instagram-дағы жазылушыларының сұрақтарына жауап берді. Олардың кейбіреулері спортшының жеке өмірі жайлы сұрады.
Сабина қазақстандық файтер Қуат Хамитовпен қарым-қатынасы жайлы ашық айтты. Қуат Хамитов Сабина Алтынбековамен үйленгісі келетінін бірнеше рет айтқан еді. Екі спортшының желідегі жазбасы көпшіліктінің қызығушылығын тудырды. Алайда Алтынбекова Қуатпен ешқандай қатынас жоқ деп мәлімдеді.
- Мен Қуатты өмірімде бір-ақ рет көргенмін. Онымен кездеспеймін, - деді Сабина.