Майя Санду Молдова президенті болды

Oinet.kz 16-11-2020 821

Молдовада өткен президенттік сайлаудың екінші турында Майя Санду қазіргі президент Игорь Додонды басып озды, деп хабарлайды Oinet.kz  BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Президент Додон: Майя Санду будет ходить с протянутой рукой — Новости  политики, Новости России — EADaily

Ол Молдова президенті болып 4 жылға сайланды. Оған Бельц-тен өзге ірі қалалардың барлығының тұрғындары, сонымен қатар Еуропа елдеріндегі жастар мен диаспора өкілдері дауыс берді. Игорь Додонға ауылдық аймақ тұрғындары дауыс берді. 

Алайда бұл дауыстар оның бұл сайлауда жеңіске жетуіне ықпал етпеді. Ал Сандудың жетістігі өзі ойлағаннан да қарқынды болды. 

Егер бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша, дауыс беруге келушілер саны өте аз болса, екінші кезеңге келгендердің саны айтарлықтай көп болды. Дауыс берушілер саны 2016 жылы өткен сайлаудың екінші кезеңіндегі сайлаушылардан да көп болды. Ең белсенді сайлаушылар әдеттегісінше зейнеткерлер болды. Алайда бұл жолғы сайлауда жастар да ерекше белсенділік танытты. Басқа елдерде тұратын диаспора өкілдері осы сайлауда рекорд орнатқан сияқты. Шындығында, бұл сайлауда әрбір алтыншы молдован басқа елден дауыс берді. 1,5 миллион дауыстың 250 мыңға жуығы өзге елден берілген. Майя Санду Кишиневте, Оргеевте, Кагулда сайлауда сөзсіз жеңіске жетті. Додонды Бельц тұрғындары, ауылдық аймақтар, Приднестровье азаматтары қолдады. Ол Гагаузияда ең үлкен жетістікке жетті, онда тұрғындардың 95%-ы Додонды қолдап дауыс берді.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 121 мыңнан асты
Сабина Алтынбекова Қуат Хамитовке өз жауабын берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу