Сәтбаев қаласында 6 жасар қызды иттер талап өлтірді
Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында қаңғыбас иттер алты жасар қызды талап тастады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Liter.kz басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай 15 қараша кешке саяжайдағы көшелердің бірінде болған.
Қаңғыбас иттер қызды жабылып қапқан. Ата-анасы қыздың дауысын естіп көшеге атып шығады. Жедел жәрдем қызметкерлері тез жеткен. Алайда қыз қайтыс болған.
- Бүгін сағат 17.00-де Полицияның кезекші бөліміне жедел жәрдем дәрігерлерінен хабарлама түсті. Олар алты жасар қызды иттер талап, қайтыс болғанын айтты. Ол жерге жедел-тергеу тобы шықты. Қыз неге қараусыз жүрген, соның салдарынан иттердің арасында қалғаны анықталып жатыр, - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.
Қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қажет сараптамалар жасалады. Қала әкімдігіндегілер саяжайға иттерді ұстау қызметі шығып кеткенін мәлімдеді.