Қазақстандық футболшы Мәскеу алаңында басынан жарақат алды

Oinet.kz 09-11-2020 898

Мәскеудің ЦСКА футбол клубының жартылай қорғаушысы Бахтияр Зайнутдинов Ресей премьер-лигасының 14-турында  "Ростовпен" болған матчта жарақат алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Оқиға Мәскеуде өткен ойынның жетінші минутында болды. Зайнутдинов қорғаныстың сол қапталында қарсыласымен соқтысып, басынан жарақат алды. Соқтығысу салдарынан қазақстандық есінен танып, оған дәрігерлердің көмегі қажет болды.

Біраз уақыттан кейін Зайнутдиновты зембілмен алаңнан алып кетті, содан кейін оны басқа ойыншымен ауыстырды.

Кейін ЦСКА-ның бас жаттықтырушысы Виктор Гончаренко Бахтияр Зайнутдиновтың жағдайы туралы айтты.

- Зайнутдинов басына соққы алды, біраз уақыт есінен танып қалды. Бірақ қазір дәрігерлер оның есін жиғанын айтады, - деді Гончаренко.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Зайнутдинов получил коленом в голову от соперника и потерял сознание. Казахстанца унесли с поля на носилках

Публикация от Vesti.kz - Живи спортом

Соңғы тәулікте 610 адамнан коронавирус анықталды
«Қазақстанда зейнетке шығу жасы төмендетілмейді» - Мамин
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу