Ұлыбританиялық генерал үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі туралы ескертті

Oinet.kz 09-11-2020 651

Ұлыбритания қорғаныс штабының басшысы, генерал Ник Картер Sky News басылымына берген сұхбатында коронавирус пандемиясы салдарынан туындауы мүмкін жаһандық қауіптер туралы ескертті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Ол экономикалық дағдарыстар бұрын қауіпсіздік дағдарысына әкеп соққанын атап өтті және пандемияның әлем экономикасына әкелген шығыны салдарынан қайталануы мүмкін екеніне алаңдайтынын айтты.

Картер қазір әлемде аймақтық қақтығыстардың көптігін ескеріп, кімде-кімнің жаңсақтығы ауқымды салдарға әкеп соғуы мүмкін деген қауіп барын атады.

Осы сөздерден кейін журналист "үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі туралы айтып отыр ма, жоқ па" деп нақтылады.

- Мен тек қауіп барын және оны ескеруіміз керек екенін айтамын, - деді генерал бұрынғы жаһандық қақтығыстардағы өлімінің қайталануына жол берілмеуін атап.

Шымкентте коронавирустың алдын алу бойынша 88 тікелей эфир ұйымдастырылған
Соңғы тәулікте 610 адамнан коронавирус анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу