Шымкентте коронавирустың алдын алу бойынша 88 тікелей эфир ұйымдастырылған

Oinet.kz 08-11-2020 680

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бақытжан Позилов мәлімдеді. 

image.png

– Қаладағы 36 мемлекеттік және 22 жекеменшік медициналық ұйым ресми парақшалары арқылы аптасына үш рет коронавирустан сақтану бойынша тікелей эфирде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Яғни, тұрғындар өзі тіркелген емхана басшысы мен басшы орынбасарына тікелей сұрақ қою мүмкіндігіне ие болуда. Осындай эфир барысында COVID-19 инфекциясынан тыс 50 сұрақ қойылып, оның 37-сіне нақты жауап берілді. Қалған сауалдардың жауабы қарастырылуда. Жалпы, бүгінге дейін 88 тікелей эфир ұйымдастырылды, – деді Бақытжан Жолдасбекұлы.

Басқарма басшысының сөзінше, қаладағы 3 оттегі станциясын орнату бойынша жұмыстар толығымен аяқталған. Бұдан бөлек, медициналық ұйымдардағы 717 оттегі нүктелерін қосу және сұйық оттегіге арналған 9 резервуар орнату жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, Шымкент қаласында осы жылдың 24 наурызынан 6 қарашасына дейін COVID-19 індетінің 5 254 жағдайы (2 666 симптоматикалық, 2 588 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 5 152 науқас емделіп шыққан.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы 

Фото – Береке Сейітжаппар

Асқар Мамин ШҚО-да COVID-19 жағдайын реттеуді тапсырды
Ұлыбританиялық генерал үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі туралы ескертті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу