АҚШ: Невадада 10 қарашаға дейін бюллетеньдер қабылданады

Oinet.kz 06-11-2020 757

АҚШ-тың Невада штатының билігі 10 қарашаға дейін пошта арқылы жіберілген бюллетеньдерді қабылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі штат хатшысы Барбара Седжавскидің ресми сайтына сілтеме жасап.

image.png

Невадада әлі 190 150 бюллетень өңделуі керек, олардың 90 пайызы Кларк округінен (Лас-Вегас) келген. 200 мың бюллетеннің 123 мыңға жуығы пошта арқылы жіберілді, ал 66 мыңы сайлау учаскесінде жеке салынған.

- Невада заңы бойынша, пошта мөрі сайлау күні немесе одан ертерек және 10 қарашада 17.00-ден кешіктірмей қойылған бюллетеньдер есепке алынады, - делінген хабарламада.

Невада Пенсильвания мен Солтүстік Каролинамен бірге бюллетеньдерді сайлау күнінен кейін санауға рұқсат бергенін атап өткен жөн. Дәл осы штатта Джо Байден жеңіс үшін жетпей тұрған алты дауысын жинай алады.

Бұған дейін АҚШ президенті сайлауының нәтижелері неге жарияланбай жатқаны хабарланған болатын. Оның себебі - Невадада есептелмеген дауыстар еді. 

Қазақстандық ауылдардың бірі ең қауіпсіз аталды
Түркістан облысындағы ауыл әкімдігі «сервистік» үлгіде қызмет атқаруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу