Қазақстанда пара алу жағынан қай өңірдің шенеуніктері «көш бастап» тұр

Oinet.kz 28-10-2020 981

Жыл басынан бері елімізде бір мыңнан аса пара алу фактісі тіркеліпті. Биыл пара алушылар өткен жылғыдан 10 пайызға көп екен. Пара алу антирекордында Алматы облысы көш бастап тұр, деп хабарлайды Oinet.kz  "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

image.png

Ranking.kz порталы жариялаған биылғы тізімнен жемқорларды жүздеп емес мыңдап санайтын күйге жетіп отырмыз. Биыл бір мың шенеунік парамен ұсталғаны анықталды. Қызмет бабын асыра пайдаланып, жемқорлықпен ұсталғандар жағынан Алматы облысы көш бастаған. Ал екінші орынға Нұр-Сұлтан қаласы жайғасты. Үшінші орын болса, Батыс Қазақстан облысына бұйырып отыр. Парақорлар тізімінде Батыстың бой көрсетуіне Орал тұрғындары таң қалмауда. Олар пара алу факітісі елде жаңалық еместігін алға тартып отыр. 

- Өзім пара алған жоқпын да, берген жоқпын да. Білмеймін. Мен қарсымын. Коррупция болмасын! Бізде көбіне жоғары билік эшелонында коррупция. Ал былай естіген жоқпын. Біз қарапайым адамбыз, - дейді тұрғындардың бірі. 

Жемқорлық антирекордында үш ақ аймақтан бөлек Атырау да бой көрсетіп отыр. Аталмыш өңірде облыс әкімінің бірінші орынбасары өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеген болатын. Нұрлан Таубаев бір ай бұрын 182 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген. Парақорлармен күрес жүргізуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі барын салуда. 

- Жемқорлар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды жою, шенеуніктер үшін шетелдік шоттарға тыйым салу және лауазымды тұлғалардың жекелеген санаттары үшін санкцияларды қатаңдату осы жылдың соңына дейін заңды түрде іске асырылатын болады, - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі серіктестік департаментінің бас сарапшысы Нұрбек Нәбиев. 

«Өз баламызды жерледік пе?»: Алматылық отбасы өз мұңын жеткізді
Бүгін Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу