«Бораттың» әйелі Айла Фишер шын мәнінде кім? (фото)

Oinet.kz 26-10-2020 1783

Айла Фишер 1976 жылы 3 ақпанда Оңтүстік-Батыс Азияда орналасқан Оман мемлекетінде дүниеге келген. Әлемге «Борат» лақап атымен танылған Саша Барон Коэннің жары, танымал австралиялық актриса.

Обои Айла Фишер, Самые популярные знаменитости, Великий Гэтсби, Гримсби,  Isla Fisher, Most Popular Celebs in 2015, actress, The Great Gatsby,  Grimsby, Знаменитости #2718

Отбасы: 

2002 жылы Айла Сиднейде ағылшын комигі Саша Барон Коэнға жолығады. Екі жылдан соң екеуі отбасы құрады. 2007 жылдың күзінде олардың тұңғыш қызы Зәйтүн дүниеге келеді. Саша Баронға тұрмысқа шыққаннан кейін танымал актриса иудаизм дініне өтіп, Айяла есіміне ауысады. Екеуінің ресми үйлену тойлары 2010 жылы 15 наурызда Парижде өтеді. Осы жылдың тамыз айында екінші қыздары Элула Лотти Мириам дүние есігін ашты. Ал, 2015 жылы Монтгомери Мозес Брайан Барон Коэн есімді ұлдары өмірге келді. 

Айла Фишер, муж | Кто муж?

Айла Фишер и Саша Барон Коэн ждут третьего ребенка

Балалық шағы: 

Айла Фишердің әкесі Біріккен Ұлттар Ұйымының банкирі болған. Оның жұмысына байланысты отбасы үнемі бер жерден екінші қалаға ауысып отырған. Айладан бөлек отбасында төрт ұл бар. Айла әлі 1 жасқа толмай, олар Австралиядағы Перт қаласына көшеді. Айланың күйеуі Саша Барон Коэн. Екеуінің 2007 жылы 19 қазанда Лос-Анжелес қаласында туған Олив және 2010 жылы тамыз айында туған Элула Лотти Мириам атты қыздары бар. 2014 жылы олар тағы бір баланың дүниеге келуін тосып жүр деген ақпарат келді.

Карьерасы:

Айла 9 жасынан австралиялық жарнамаларда түсе бастайды. Кейіннен «Бей-Сити» және «Райский пляж» сериалдарындва түседі. 1994 жылдан 1997 жылға дейін «Дома и в пути» сериалында Шеннон Ридтің рөлін ойнайды. 2001 жылы Фишер «Бассейн» неміс фильмінде Кимнің рөлін ойнайды. 2002 жылы Айла Скуби-Ду фильмінде Мэри Джейннің рөлімен танымал болады. 2003 жылы Wannabes комедиясында Кристидің рөлін ойнайды. "Незваные гости" фильмінде Винс Вон, Оуэн Уилсон, Кристофер Уокен, Рэйчел МакАдамс сияқты актерлермен түсіп, сыйлыққа ие болады. 2006 жылы «Лондон» драмасында Джессика Бил, Крис Эванс және Джейсон Стэтхэм сияқты актерлетімен ойнайды. Джейсон Биггпен бірге "Женюсь на первой встречной" комедиясында түсіп, Кейтидің рөлін алады. 2007 жылы «Обман» триллерінде Джозеф Гордон-Левитт және Мэтти Гудпен түседі. 2009 жылы актриса Джерри Брукхаймер продюсерлік еткен «Шопоголик» драмалық комедиясында басты рөлді сомдайды. 2010 жылы Фишер «Руки-ноги за любовь» комедиясында басты рөлді ойнап, 2012 жылы «Холостячки» фильмінде түседі.

Марапаттары:

2002 жылы - Фишердің актерлік шеберлігі жоғары бағаланып, «Жылдың серпіні» аталымында беделді MTV Movie Awards марапатына ие болған.

Оралда ауыл әкімі карантин кезінде баласына той жасап берген (видео)
Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібін жеңілдету
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу