Оралда ауыл әкімі карантин кезінде баласына той жасап берген (видео)

Oinet.kz 26-10-2020 909

Батыс Қазақстан облысында ауыл әкімі мейрамханада баласына той жасап берген, деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

image.png

Басылымның мәліметінше, үйлену тойы өткен демалыс күндері Оралдағы мейрамханалардың бірінде өткен. Куәгерлер редакцияға үйлену тойының видеосын жіберген.

Куәгерлердің айтуынша, Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің ұлы үйленген.

Ақжайық ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ердос Үмітов Ақжол ауылдық округі әкімінің ұлы Татжан Өтемісовтің үйлену тойы туралы бүгін, 26 қазанда ғана білгенін айтады.

- Ыңғайсыз жағдай болды, қазіргі уақытта Татжан Өтемісов еңбек демалысында. Жалпы аудан әкімдеріне карантин шараларының сақталуы туралы хабарланды. Арнайы бақылау топтары бар, олар барлық шараны бақылау үшін жұмыс істейді. Демалыстан шыққаннан кейін біз бұл жағдайды заңды түрде қарастырамыз, - деді Ердос Үмітов.

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров отставкаға кетеді
«Бораттың» әйелі Айла Фишер шын мәнінде кім? (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу