Айнұр Тұрсынбаева халықтан кешірім сұрады (жазба)

Oinet.kz 21-10-2020 1971

Соңғы уақытта Айнұр Тұрсынбаеваның "Стакандағы су техникасы" көпшіліктің сынына ұшыраған болатын. Желі қолданушыларының желдей ескен пікірлеріне Айнұр өз жауабын берді, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Айтыскер көпшіліктен осы бір әрекеті үшін кешірім сұрауда. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

- Мен алғаш мотивациялық кітаптарды ақтарып бастағанда ең бірінші оқығаным Зеландтың “Трансерфинг” кітабы болды. Қатты ұнаған соң қазақшалай бастадым. Келіспейтін жерлерім де бар әрине. Ішінде атақты “стақандағы су” техникасы туралы жазылған. Кейіннен ютубта батыстың эзотериктерінің басым бөлігі соны қолданатынын білдім. Діннен хабары бар бір ағадан сұрағанымда “суға дем салып ішу исламда да бар” дегесін сабақтарымда өзім де қолдандым. Мен біраз болды араб тілін үйреніп бастап жатырмын. Арасында аят, сүре, хадистерді оқимын. Ең қызығы Зеландтың да, Кехоның да, Диспензоның да, басқаларының да айтып жүргендері құранда бар болып шықты.. Және жасап жүрген техникаларыма күдік пайда болды... Жолдасым құранды емін-еркін болмаса да бір кісідей оқи алады , осыны нақтылап берші деп едім, “сен дем салып үйретіп жатқан жоқсың, судан сұратып үйретіп кетіпсің, бұл күнәнің үлкені” деп кесіп айтты... Сонымен 2 рәкағат тауба намазын оқып, ол техниканы тоқтатып тастағаныма 1 айдан асқан... Қызық болғанда тоқтатқан күннен бастап алдымнан айналып шыға берді.. Айқайлап айтып жүргенде ешкім үндемей, енді жауып тастағанда неге бұл тақырып ушығып кетті деген ойға қалдым... Құранды еркін оқитын бір мұсылманға хабарласып “неге бұлай болып жатыр” деп кеңес сұрасам “жұрт сенің тоқтатқаныңды білмейді ғой, жұрттың алдындағы абыройды емес Аллланың алдындағы абыройды ойлап бұл техниканы мүлде қолданбайтыныңызды айтып, қателескеніңізді мойындап пост жазсаңызшы” деді... Алланың мейірімі анамыздан 99 есе көп екен ғой, әлбетте қателескеннің дүұғасын қабыл етеді...Басым жерге жеткенше иіліп сіздерден де кешірім сұраймын... Бүгінгі қари кісіден естіген бір жақсы дүнием, ауырған адам суға өзі дем салып Фатиха, Фалақ, Нас сүресін оқып жіберіп ішсе Алла шипасын береді екен... Лайым, Алла бізді адасудан сақтасын. Жүрегімді жылатқан бір жағдайды айта кетейін.. Бүгін бір алтын қыз “негізі дұрыс емес екенін білетін едім, бірақ сен ренжіп қала ма деп айта алмай, күнде тахаджуд намазын оқып Алладан сен үшін дұға жасап жүр едім, Аллаға шүкір” деп жылап қалды.. Шын жанашыр бауыр деген осы шығар - деді Айнұр Тұрсынбаева. 

«...Алла тәубе етушілерді жақсы көреді әрі таза болушыларды да жақсы көреді». («Бақара» сүресі, 222-аят).

Мұхтар Әблязов күллі Францияны шулатуда (мақала)
Шымкенттік судья лайк баспаған әріптестеріне ренжіп қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу