Мұхтар Әблязов күллі Францияны шулатуда (мақала)
Парижде экс-қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовтың тұтқындалуы Франция ақпарат қауымдастығының ерекше назарын аударды. Жергілікті БАҚ бұған дейін өткен Әбілязовқа қатысты сот процестері туралы мақалалар жариялап, алдағы уақытта оған қатысты оқиға қалай өрбитіні жайлы ықтимал сценарийлерді жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz turantimes.kz порталына сілтеме жасап.
Қазақстандық қашқын олигарх жайында материал жариялаған басылымдардың бірі танымалы интернет-журнал сauseur.fr.
- «Қазақтың Мэдофы ма әлде саяси көзқарасының құрбаны ма? Мұхтар Әбілязовтың айыптау қорытындысына оралу». 5 қазанда Париждің орталығында қазақстандық "БТА" Банкі миллиардтаған қаржыны жымқырды деп айыптаған экс-банкир ұсталып, екі күннен кейін тергеу сотының алдына келді, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, автор Францияның Қылмыстық кодексінде елдің соты Франциядан тыс жерде жасалған қылмыс немесе құқық бұзушылық үшін саяси себептермен бас тартылған шетелдікті соттай алады деп түсіндіреді.
- "LaDiplomatie.fr"-дің хабарлауынша, Францияның құқық қорғау органдары бастаған тергеу жұмыстары нәтежиесінде сот шешімімен 10 жыл бойы қашып жүрген Әбілязов ісіне нүкте қоюы мүмкін. "БТА банктегі қызметіне дейін Мұхтар Әбілязов Қазақстан билігінінің орталығында, тіпті, 1998 жылы энергетика, сауда және өнеркәсіп министрі болған. Кеңес Одағы құлағаннан кейін байыған олигарх ұзақ уақыт бойы еуропалық үкіметтердің белгілі бір дәрежеде жеңілдігіне ие болады. "Қазақстанның демократиялық таңдауы" оппозициялық партиясының (ҚДТ) негізін қалаушы Мұхтар Әбілязов қазақстандық басшылардың бір бөлігін "сыбайлас жемқорлыққа" қатысты айыптайды. 2009 жылы ол тығырықтан шығарған БТА банктің мемлекет меншігіне өтуі, оған тағылған айыптар Әбілязовтың саяси ғүмырының қысқа аяқталуына және елден қашуына әкеліп соғады. Бұл саяси жол оған кейіннен "Шығыстың авторитарлық режимдерінен "қашатын", саяси себептермен қудаланатын "бейнені жасауға мүмкіндік береді", - делінген материалда.
Француздық "Juriguide" басылымының хабарлауынша, 2009 жылы Қазақстаннан қашып кеткен Әбілязов Лондоннан "жай табады". Онда БТА банкі Біріккен Корольдіктің Жоғарғы сотына берген талап-арызынан кейін ол 22 айға бас бостандығынан айырылады.
Алайда, экс-банкир Лондоннан қашып кетеді. "Уақытша Францияны паналайды, бірақ 2013 жылы Ресейдің экстрадициялау туралы өтініші негізінде, Лазур жағалауындағы қымбат виллада қамауға алынады. Жалпы алғанда, оны ұстап беруді кемінде үш ел талап етеді", - делінген мақалада.
«Mediapart» - тың мәліметінше, 2013, 2014 және 2015 жылдары француз соты 2016 жылдың 9 желтоқсанында Мемлекеттік кеңес таңқаларлық шешім қабылдағанға дейін бизнесменді Мәскеуге экстрадициялауға рұқсат берді. Бұл экстрадиция "саяси мақсаттар үшін" сұралғанын ескере келе қабылданбады. Бірақ Әбілязовқа босқын мәртебесін беру туралы Францияның баспана жөніндегі ұлттық соты ағымдағы жылдың қыркүйегінде қабылдаған шешіміне қарамастан, оны 2020 жылдың 5 қазанында тұтқындады.
дереккөз: «Адырна» ұлттық порталы