COVID-19. Кәсіподақтар қауіпсіз еңбек үшін

Oinet.kz 19-10-2020 733

Коронавирус инфекциясының жаңа толқыны кезеңінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы «COVID-19. Кәсіподақтар қауіпсіз еңбек үшін» акциясын іске қосты. 

image.png

Аталған акция аясында «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақдар бірлестігі және "YNTYMAQ" салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласының жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалы «SHYMKENT BUS» ЖШС-не қоғамдық бақылау жүргізді. Кәсіподақтар "Shymkent Bus" ЖШС-інде қызмет ететін еңбеккерлер мен қала ішінде қатынайтын жолаушылардың денсаулығы үшін алаңдаулы. Қоғамдық бақылау жұмыстарының нәтижесінде күнделікті қала тұрғындарына 230-ға жуық автобус, 17 бағыт бойынша қызмет ететіні анықталды. Серіктестікте 570 қызметкер жұмыс жасайды. Автобустарға тәулігіне 2 рет дезинфекция тұрақты түрде жасалуда. Сондай-ақ, кондуторлардың жанында дезинфекциялық ерітінділер бар және олар да санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, карантин талаптарына сәйкес, әр апта сенбі-жексенбі күндері автобустар қысқартылған тізім бойынша жұмыс істейді. Компания басшылығы тарапынан жүргізушілердің, кондукторлардың және жолаушылардың өздері маска режимін қатаң сақтайтындығы бақылауға алынған. «SHYMKENT BUS» ЖШС-нің басқармасының ғимаратының әр қабатының кіре берісінде антисептиктер орнатылған. Жүргізушілер мен кондукторлар және басқарма қызметкерлері де жұмыс барысында карантин талаптарын толығымен сақтап, қызмет жасауда

Оқушы қыз қазақстандықтардан көмек сұрайды (видео)
Департамент басшысының бірінші орынбасары жемқорлықты жою бойынша Түлкібас ауданында жиын өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу