Оқушы қыз қазақстандықтардан көмек сұрайды (видео)

Oinet.kz 19-10-2020 2327

Атырау облысында оқушы қыз оны ызақор ата-анадан қорғауын сұрап, видео жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Қыздың Instagram желісіндегі парақшасында әкесі оны жуылмаған ыдыс-аяқ үшін ұрып жатқаны түсірілген видео пайда болды.

- "Өтінемін, көмектесіңіздерші. Олармен бір шаңырақ астында өмір сүру маған қорқынышты. Мен бірнеше жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшырадым. Видеоны жариялап, дұрыс істеп жатырмын ба, жоқ па - білмеймін, бірақ ертең және қазір не болатынын білмеймін", - деп жазды қыз.

Полиция өкілдері істі бақылауға алғанын айтты.

- "Атырау облысы полиция департаменті әлеуметтік желілердегі мониторинг барысында ер адамның (әкесінің) кәмелетке толмаған қызына әдепсіз сөздер айтып жатқаны түсірілген бейнежазбаны анықтады. Осы дерек бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 140-бабы ("кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

«Ясауи ізімен» жобасы Сайрам өңірінен басталды
COVID-19. Кәсіподақтар қауіпсіз еңбек үшін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу