Халық тұтынатын өнімдердің қауіпсіздігі туралы

Oinet.kz 19-10-2020 1058

Халық тұтынатын өнімдердің қауіпсіздігі – қазіргі таңда  дүниежүзілік экономикалық саясаттың күнделікті талқысына айналып отырған мәселелердің бірі.

image.png

Күнделікті өмірде өзіміз тұтынып жүрген азық-түлік, басқа да тауарлардың түріне, жалпы сипатына көпшілігіміздің мән бермейтініміз анық. Нәтижесінде, әртүрлі келеңсіз жағдайлар орын алып жатады. 

Осы орайда,  Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, халықты қауіпсіз тағаммен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз және қыркүйек айларында сауда орындарынан - 1237  өнім сынамаларын (тағам өнімдері - 741 (59,9%), тағам емес өнімдер 496 (40,09%)) сатып алып, зертханалық зерттеулер жүргізді. Зерттеу нәтижесінде техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін - 64 өнім  (5,1%)  (микробиологиялық көрсеткіш бойынша – 16, таңбалау көрсеткіші бойынша – 46, физико-химиялық көрсеткіш бойынша -2, токсико-гигиеналық бойынша - 3) анықталды. Соның ішінде ет, құс еті, балық, сүт, кондитерлік өімдер мен кулинарлық өнімдер, шырындар мен алкогольсіз сусындар .

Өнімдері талапқа сай келмейтін сауда орындарының жеке кәсіпкерлеріне кемшіліктерді жою бойынша ұйғарымдар беріліп, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425 бабының 1 тармағына сәйкес айыппұлдар салынды. Талапқа сай келмейтін  өнімдер сатылымнан алынып, жеткізушіге кері қайтарылды (құс еті және құс еті өнімдері, балық және балық өнімдері, сүт және сүт өнімдері, кулинарлық және шырын өнімдері). 

Құрметті тұтынушылар!

Дүкеннен кез-келген өнімді сатып аларда, оның сыртқы қорабына, дайындалған күні мен орнына, жарамдылық мерзіміне, сақталу жағдайына және  құрамына аса назар аударған жөн.

Өз денсаулығымызға пайдасы бар, құнарлы тағамдарды таңдай білейік! 

Сапалы азық – денсаулық кепілі екенін ұмытпайық!

Техникалық регламенттерді бақылау             Жолымбекова Гульмира Зарыпхановна

бөлімінің басшысы 

«83 адамның ахуалы нашар» – Денсаулық сақтау министрлігі
«Тегін таратылып жатқан маскалар есірткіге малынған» - Ішкі істер министрлігі түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу