Қырғызстанда президенттің міндетін атқарушы белгілі болды
Қырғызстанда отставкіге кеткен Сооронбай Жээнбековтың міндетін атқарушы болып премьер-министр Садыр Жапаров бекітілді. Дәлірегі премьер өзін-өзі президенттің міндетін атқарушы деп жариялады.
- Президент Сооронбай Жээнбеков отставкіге кету туралы арыз жазды. Ал Жоғарғы Кеңестің төрағасы Қанат Исаев президенттің міндетін атқарудан бас тартты. Сондықтан қазір президенттің міндетін мен атқарамын, - деді Үкімет үйінің алдында жақтастарымен кездескен премьер.