Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге барды

Oinet.kz 15-10-2020 1063

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлі Facebook-тегі парақшасында жазды.

Әуежай.jpg

Сапар барысында Президент «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, Абайдың «Жиделі-Бөрібай» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралап көреді. 

Сонымен қатар, «Қарағайлы» ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысады.

Бұдан бөлек ақынның сирек кітаптар қорының көрмесін тамашалап, «Абай әлемі» сериясымен шыққан кітаптарды көріп, абайтанушы ғалымдармен кездеседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапар соңында Жидебайға барып, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені мен ақынның мұражай-үйінің тыныс-тіршілігімен танысады.

«Журналист. Сазгер. Ғалым». Бекжігіт Сердәлінің шығармашылық кеші өтті
Кәсіпкер ауруханаға 2 тыныс алу аппараты мен 2 көлік алма сыйлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу