«Журналист. Сазгер. Ғалым». Бекжігіт Сердәлінің шығармашылық кеші өтті

Oinet.kz 14-10-2020 1246

Түркістан қаласында белгілі композитор, ғалым әрі журналист Бекжігіт Сердәлінің шығармашылық кеші өтті. «Өмірде де, өнерде де сан қырлы» атты шара сазгердің 60 жас мерейтойына арналды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

Жуырда ғана Елбасының қатысуымен ел игілігіне берілген «Визит орталығында» сазгердің өмірінен сыр шертетін бейнефильм көрсетілді. Мерейтой иесінің ел аузында жиі айтылып жүрген “Неге, неге...” атты танымал әнін (сөзін жазған Рахым Балабиев) түркі елдері әншілерінің төрт тілге аударып, нақышына келтіре орындағанын сүйсіне тамашалаған өнер сүйер қауым қазіргідей пандемия кезінде барынша ықшамдалған бұл мерейтойдың ауқымы халықаралық деңгейде қамтылуы сәтті ойластырғанын басбармақпен бағалады. Әсерлі фильм соңы Түркістан облысының бейресми әнұранына айналған «Түркістан – Тұраным!» патриоттық әнімен түйінделіп сан қырлы өнер иесін құрметтеп келген көпшілік орнынан тік тұрған күйі қосыла шырқады.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыс әкімдігі қоғамдық мониторинг бөлімінің басшысы Бақытжан Әшірбеков, Мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Сариев, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ проректоры Камалбек Беркінбаев, дінтанушы Досай Кенжетайұлы, Түркістан қаласы әкімі орынбасары Мұрат Базарқұлов, Қазақстан композиторлар одағының Түркістан облысы бойынша төрайымы Құралай Сәтмұханбетова, республикалық “Сарасөз” журналының бас редакторы Гүлжаз Қарыбекқызы, Кентау қалалық әкімдігінің өкілі Ғалымжан Тойшиев және де бір топ әріптес-достары Бекжігіт Сердәліні құттықтап, сан қырлы өнер иесі, сонымен бірге журналист мамандарын даярлауда ұлағатты ұстаз атанған азаматқа ақ тілектерін арнады.

Screenshot_1.jpg

Аталған кеште сазгердің “Танымал әннің тарихы” кітабының тұсауы кесілді. Кітапта Бекжігіт Сердәлінің осы уақытқа дейін иесі белгісіз болып келген танымал әндердің авторларын тауып, ән тарихына қатысты өз ауыздарынан, көзін көрген замандастарының естеліктерінен жазып алған эсселері топтастырылған.  

– Әдетте біз жақсы әнді құлақ қоя тыңдағанамызбен, сол әннің ар жағында  қаншама қызықты жайттардың бұғып жататынын білмейміз. Кітапты оқу арқылы танымал әннің тарихына, белгісіз автордың жан дүниесіне үңілетін боласыз, – дейді автордың өзі.

Шығармашылық кешке келген құрметті қонақтар кеш иесін марапаттап, сазгерге сый-сияпат көрсетті.

Айжан Есмағамбетова жаңа қызметке тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге барды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу