9 айлық сәбиінен айырылған ана жанайқайын жеткізді (видео)

Oinet.kz 13-10-2020 1476

Семейде 9 айлық сәби дәрігер салғырттығынан көз жұмды. Бұл туралы нәрестенің анасы мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

image.png


Келіншектің сөзінше, қазан айының тоғызы күні баласының жағдайы күрт нашарлап, іші өтіп, құсқан.  Зәре құты қашқан анасы жедел жәрдемге хабарласыпты. Алайда дәрігерлер  баланы тексерместен, "Жұқпалы аурулар ауруханасына" жеткізген. Бірақ ақ халаттылар нақты себебін түсіндірместен, сәбиді қалалық медициналық университет ауруханасына жөнелткен. Ең сорақысы, сәбиді 15 минут бойы ешкім қарамаған, дейдің анасы. Сонымен қатар, семейлік келіншек сәбиін хирург, педиатр, невропатологқа тексеруге жібергенімен,  мамандар ауруханаға жатқызудан бас тартқанын айьуда. 

Соның салдарынан, нәресте 10-на қараған түні белгісіз аурудан көз жұмған. Қазіргі уақытта сәбидің өлімінен не себеп болғаны белгісіз. Осы жағдайға қатысты Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқарамасы тексеріс бастағанын мәлім етті. 

- "Семейдегі оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, олар жағдайды тексеруге аттанды. Қазіргі таңда біз Семейдегі мамандардың диагнозын ғана білеміз. Ал басқа мәселелер тергеу кезінде белгілі болады", - деді ана мен бала жөніндегі облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинова. 

Әміржан Қосановтың анасы өмірден өтті
Шымкентте «Жемқорлық бізге жат» акциясы аясында басшылар жалақыларын жария етуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу