Әміржан Қосановтың анасы өмірден өтті

Oinet.kz 13-10-2020 1113

Саясаткер Әміржан Қосановтың анасы, ақын Шөмішбай Сариевтің әпкесі Аққыз Қосанова өмірден өтті, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Әміржан Қосанов анасының қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды желіде өзі жеткізді. 

- "Жас кезімде "Жаратқанға жалбарыну" деген өлеңімде: "...Екінші тілек – дара шын, Құлдықты сала сұраймын: Аман болсын анашым - Аққызы Нағашыбайдың", - деп жазыппын.  Бүгін менің сол тілегімді Жаратқан ием ұмытып кетті...", - деп жазды ол Facebook парақшасында. 

Аққыз Қосанова 82 жасында көз жұмды. Біраз уақыт бұрын саясаткер анасының инсульт алып, ауруханаға түскенін жазған болатын. 

«Мемлекет қаржысы игерілмеген» - Қаржы министрі түсіндірді
9 айлық сәбиінен айырылған ана жанайқайын жеткізді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу