Дархан Кәлетаев тағы бір қызметті қоса атқаратын болды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Кәлетаев Қазақстанның Молдовадағы Елшісі қызметін қоса атқарады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
- Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, - делінген хабарламада.