Соңғы тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғандар саны артты
Қазақстанда өткен тәулікте тағы 92 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Oinet.kz Сoronavirus2020 ресми сайтына сілтеме жасап.
- "Қазақстанда өткен тәулікте 92 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды", - делінген ресми хабарламада.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 8
Алматы қаласы - 10
Шымкент қаласы - 2
Ақмола облысы - 4
Ақтөбе облысы - 1
Алматы облысы - 4
Атырау облысы - 8
Шығыс Қазақстан облысы - 19
Жамбыл облысы - 1
Батыс Қазақстан облысы - 2
Қарағанды облысы - 5
Қостанай облысы - 3
Маңғыстау облысы - 3
Павлодар облысы - 7
Солтүстік Қазақстан облысы - 9
Түркістан облысы - 6
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 108 454-ке жетіп отыр. Еске салсақ, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой президенттің қатысуымен өткен коронавирустың екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте елімізде локдаунның қашан енгізілуі мүмкін екенін айтты. Ол бірнеше сценарийді атады.
Сондай-ақ, кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі әуежайлар мен теміржол вокзалдарында қатаң эпидемиологиялық бақылауды қайта енгізуді, сондай-ақ мемлекеттік шекарада бақылауды күшейтуді тапсырған болатын. Мемлекет басшысы кеңес барысында көрші елдердегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап бара жатқанын еске салды.