Құрметке лайық жандар
Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы және Түркістан облысының барлық аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері білім бөлімдерімен бірлесе отырып жылдағы дәстүр бойынша «Ұстаздар күні» мерекесін атап өтті. Қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған.
Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады. Тәуелсіз қазақ елінің дамуына үлес қосып келе жатқан ұстаздардың еңбектерін ескере отырып, мереке қарсаңында жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруде аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздарымыз түрлі деңгейдегі төсбелгі, құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды. «Тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді» (әл-Фараби) жандарға ілтипат таныту – адамгершілігіңнің ілгері басуының бір қадамы. Өз кезегінде, ақыл-парасаты мол ұстаздар қауымы кәсіби мереке аясында еңбектерін елеп-ескерген кәсіподақ ұйымдарына алғыстарын жеткізді.