Дариға Назарбаева мүгедек балаларды қорлағандарды қатаң жазаламақ

Oinet.kz 30-03-2019 1190

Screenshot_9.jpg

Парламент Сенатының Төрайымы Дариға Назарбаева Атырау қаласындағы сөйлеу қабілеттері бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатында орын алған құқық бұзушылық фактілеріне алаңдаушылық білдірді деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. 

Сенат басшысы балалар үйі тәрбиеленушілерінің құқығын таптағандарды заңға сәйкес қатаң жазалау керек деп есептейді. 

«Біз қорғансыз мүгедек балаларға адамгершілікке жатпайтын қарым-қатынас орнатқандарға наразымыз. Мекткеп-интернат тәрбиеленушілерінің жағдайлары жақсы жағынан өзгеруі керек. Біз бұны қадағалайтын боламыз», - деп атап өтті Назарбаева. 

Бұл оқиға Жоғарғы Палата депутаттарының ерекше бақылауында болады. 

Интернатта ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 98 бала бар. Прокуратура тексерісінен соң, мұнда мүгедек балаларға қатысты педагогтар тарапынан қатыгездік пен физикалық күш қолдану фактілерін анықтады. Олар балаларды ұзақ уақыт бойы ұрып-соғып, жұмысқа мәжбүрлеп келген. 

Screenshot_2.jpg

Елорда әкімі қарамағындағы шенеуніктердің ұялы телефон нөмірлерін сайтта жариялатқызды
Президент балаларға бірінші кезекте қазақ тілінде білім беру керектігін тағы қайталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу