Президент Леңгірдегі мәселені шешуді Өмірзақ Шөкеевке тапсырды

Oinet.kz 29-03-2019 1047

Screenshot_2.jpg

Oinet.kz хабарлайды - 1 жылдай уақыт бұрын Төлеби ауданы, Леңгір қаласындағы көпқабатты тұрғын үйге қатысты дау шықты. Пәтер иелері жертөлеге қатысты мәселе көтерді. Жергілікті атқарушы орган канализация жүйесін жөндеуге уәде берген. Бірақ, уәделерін әлі күнге дейін орындамапты. «Біз де Шымкентте сондай пәтерде тұрамыз. Жертөлеге кіру мүмкін емес» деп  аудандағы лауазымды шенеунік орындауға да құлық танытпаған.

Screenshot_1.jpg

Енді бұл мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жетіпті. Әкімдерді әлеуметтік желімен жұмыс істеуге шақырған Президент Леңгірдегі мәселені шешуді өзінің Твиттердегі парақшасында Премьер-министр Асқар Мамин мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке тапсырды. Бұл мәселе қашан өз шешімін табатынын уақыт көрсетеді.  

Screenshot_19.jpg

Президент Тоқаев әйелімен ажырасып кеткен
Елорда әкімі қарамағындағы шенеуніктердің ұялы телефон нөмірлерін сайтта жариялатқызды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу