Илья Ильин тағы бір жаңа қызметке тағайындалды
Белгілі зілтемірші Илья Ильин тағы бір қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Oinet.kz порталы.
Қазақстандық ауыр атлет, Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы Илья Ильин Қазақстандық спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқаратын болды. Бұл жаңалықпен спортшының өзі желі парақшасында бөліскен.
- "Бүгін сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскім келіп тұр. Мен Қазақстандық спортшылар одағының @sportodagy Қызылорда облысы бойынша филиалын басқара бастадым. Филиал ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелген. Менің туған өңірімде спортты дамыту үшін алдағы үлкен жоспарларым бар. Мен өз алдыма үлкен мақсаттарды қойдым, оларды міндетті түрде жүзеге асырамыз деп үміт артамын!", - деп жазған спортшы Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Илья 17 жасында ең жас әлем чемпионы болып, есімі Гиннесстің рекордтар кітабына жазылған. Ол - Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.