Әйтеновтың жаңа орынбасары тағайындалды

Oinet.kz 09-09-2020 729

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Айманбетов Маулен Зарлықұлы тағайындалды. 

image.png

Маулен Зарлықұлы  1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандығы бойынша инженер-автомобиль жолдарының құрылысшысы, агроном, экономист және іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Қызметтік жолын 1990 жылы «Алматы қала құрылысы» тресінің 2-ші құрылыс-монтаждау басқармасының шебері болудан бастаған. Кейіннен аталған басқарманың прорабы, басқарма бастығының орынбасары болған. 2000-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Фитосанитария" РМК бас директоры болып қызмет атқарған. 

2006-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасына  ведомстволық қарасты ұйымдарда түрлі лауазымда жұмыс істеген. 

2008-2013 жылдары Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары болған. 

Сондай-ақ, Көкшетау қаласында автомобиль жолдары комитетінің Ақмола облысы бойынша  Автомобиль жолдары департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

2014 жылдан бүгінгі күнге дейін «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» ММ күрделі құрылыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келген.

Қала әкімі Әйтеновтың де бұған дейін Президенттің Іс басқармасында лауазымды қызмет атқарғанын ескерсек, жаңа орынбасардың   алыстан келмегені аңғарылады. 

Айманбетовтың әзірге қай салаларға бақылау жасайтыны белгісіз.

«Ауада ілініп тұрған» ауыл
Шетелдік БАҚ: "Борат-2" фильмі түсіріліп бітті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу