Шетелдік БАҚ: "Борат-2" фильмі түсіріліп бітті

Oinet.kz 09-09-2020 792

Осы жылдың тамыз айында актер Саша Барон Коэн кино әлеміндегі Борат образымен қандай да бір түсірілім алаңында бой көрсеткен. Осы сәт желіде кеңінен тарады. Енді шетелдік басылым "Борат-2" фильмінің түсірілім жұмыстары мәресіне жеткенін, тіпті индустриядағы таңдаулы адамдарға көрсетілгенін хабарлап отыр деп жазады Oinet.kz порталы Collider-ге сілтеме жасап. 

Интересные факты о фильме «Борат» - Факты - Шняги.Нет -  познавательно-развлекательный блог. Знаменитости, Юмор, Приколы, Видео

Фильмнің сюжеті әзірге хабарланған жоқ. Бірінші фильмнен кейін Борат танымал емес қазақстандық тележүргізуші болмайтын сияқты. Оны жұрт біледі, сондықтан сұхбаттарды "жасырын" жүргізу керек. Бір ақпарат бетінде картинаны "Коэн Боратты Коэн рөлінде ойнайды" деп сипаттаған. 

Ал келесі басылым бұл деректі жоққа шығарғанымен, фильмнің таспаланғанын мойындап отыр. Сонымен қатар, кино бюджетіне кімнің ақша бөлгені, режиссердің аты-жөні белгісіз. 

Одан бөлек, фильмнің қалың көрерменге қашан "жіберілетіні" туралы да ақпарат жоқ. Кейбір дереккөздерде атышулы кинокартинаның премьерасы АҚШ-тағы жаңа президенттік сайлауға дейін болатыны айтылған. 

Collider басылымы актердің желіде тараған Борат образы жарнама немесе телехикая емес екенін, бұл толықметражды кино екенін сенімді түрде жариялады. 

Еске сала кетсек, өткен жылы канадалық боксшы Стюард Макклелан отандасымыз Жәнібек Әлімханұлын "Борат" кейпінде таныстырды. Алайда шаршы алаңдағы кездесуде қазақстандық спортшы қарсыласын "жазалады". 

Әйтеновтың жаңа орынбасары тағайындалды
Алматыда танымал қазақстандық, ресейлік әншінің анасымен қоштасу рәсімі өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу