Алматыда танымал қазақстандық, ресейлік әншінің анасымен қоштасу рәсімі өтті

Oinet.kz 09-09-2020 1386

Алматыда танымал қазақстандық, ресейлік әнші Мұрат Насыровтың анасымен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

photo_71713.png

Хатира Насырова 83 жасында қайтыс болды.

Танымал әнші және композитор Мұрат Насыров 2007 жылы Мәскеуде жұмбақ жағдайда қайтыс болған еді. Ол бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.

Алматыдағы бұл үйді әнші анасына арнап салған болатын. Ол Рысқұлов көшесінде орналасқан.

28862bce965397f1eef9e45d8bd59481.jpeg

Сондай-ақ, Мұрат Насыровтың ағалары мен әпкелері бар.

Жақын туыстарының бірінің айтуынша, Мұрат Насыровтың анасы бірнеше рет инсульт алған. Ол Хатира Ниязовнаның денсаулығы кенжесі Мұрат қайтыс болғаннан кейін нашарлап кеткенін айтады.

Айта кетейік, Мұрат Насыровтың Лия есімді қызы мен Әкім есімді ұлы бар.

4aedf129b276d0995909055e1680f8f3.jpeg

Олар анасымен бірге Мәскеуде тұрады. Әкім Гнесин атындағы музыкалық училищеге түсіп, музыкамен кәсіби түрде айналысып жүр. Ол саксофонда ойнайды.

Шетелдік БАҚ: "Борат-2" фильмі түсіріліп бітті
Қазақстанның білім министрлігі дүниежүзілік банктен алған қарызды қайда жіберді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу