Дәрігерлер қандай балалардың Кавасаки синдромына бейім екенін айтты

Oinet.kz 08-09-2020 1061

Дәрігерлер Кавасаки синдромының дамуына қандай балалар көбірек бейім екенін айтты. Анықталғандай, бір жасқа дейінгі балалар мен ауыр аурулары бар балалар қауіп тобында екен, деп хабарлайды Oinet.kz сайты 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтанда 7 баладан Кавасаки синдромы анықталды

Мамандардың айтуынша кейбір балаларда Кавасаки синдромына ұқсас клиникалық белгілер пайда болуы мүмкін. Ауру кейде ауыр түрде өтеді, ол кезде жүрек бұлшықетінің қабынуы болады. Бұл аневризманың, коронарлық артериялардың және зақымдалған органдар мен жүйелердің ықтимал дамуынан болады.

Кавасаки синдромы кезінде пайда болатын белгілер: дене қызуының 38 градустан жоғары болуы, іштегі ауру, құсу, диарея, жөтел, ентігу, ауыр пневмонияның белгілері және денедегі бөртпе. 

Қазіргі таңда Қазақстанда Кавасаки синдромы 31 баладан анықталды. Оларды емдеу үшін жаңа хаттама толтырылды. 

Қазақстанда адам өлімі көп тіркелетін облыстар аталды
Криштиану Роналду сүйіктісіне ұсыныс жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу