Тұяқбаевты не түлен түртті?
Праймериздің түңілігі енді түрілді. Қатысушыларды тіркеу аяқталды. Үгіт насихат шараларының «бісмілләсі» әлі басталмай жатып, кейбіреулер өз өтініштері бойынша праймеризден шығып жатыр. Біз кешегі күні Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың праймеризге Шымкент қаласынан қатысып жатқанын жазған едік. Міне, бүгін сенімді ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда, Тұяқбаевтың өз еркімен өтініш жазып, праймеризге қатысудан бас тартқаны белгілі болды. Тұяқбаевты қандай түленнің түрткені белгісіз күйде қалып отыр.
Биліктің партиясының белгілеген жаңа форматтағы праймеризіне қатысу дегеніңіз баланың ойыншығы емес, әрине. Биліктің эшалонында жүрген Тұяқбаевтың праймеризге биліктің батасымен ат қосқаны айдан анық. Праймеризге қатысудан бас тарту туралы шешім де жоғарыдағылардың нұсқауымен жасалған болуы әбден мүмкін.
Енді кімнің кімді ақымақ қылып отырғанын түсініп көріңіз.